Ауруына байланысты концерттерін кейінге шегерген қазақстандық әнші Төреғали Төреәлі қарындасы Фариза Төреәлінің Instagram парақшасындағы видеода көрінді, деп хабарлайды Paryz.kz.
Жақында Фариза Төреәлі мен жұбайы Астанадағы жаңа пәтерінде қыздарының тұсаукесерін өткізген болатын.
Жақын туыстары құттықтап келген, алайда сол кезде Фаризаның ағасы – Төреғали болмаған еді.
«Құрметті қонақтарымыз келіп, қуанышымызды бөлісті», – деген Фариза жариялаған видеода Төреғали Төреәлі отбасымен бірге әпкесінің үйіне келгені көрсетіледі.
Әншінің жанкүйерлері оны көріп қуаныштарын жасырмады:
«Төреғали кіргенде қатты қуандым», «Аман жүрсін, ауырып қалмасын», «Оны көргенде көңілім орнына түсті», «О, Төреш, аман екеніңе шүкір», «Кірген сәтте-ақ үй іші жылып кеткендей болды», – деп жазды желі қолданушылары.