Прямая трансляция

Астана

Астана

18°C

«Бізбен тұрады»: Сәкен Майғазиев болашақ келіні жайлы айтты

Елімізге танымал әнші Сәкен Майғазиев үлкен ұлының үйлену тойына дайындалып жүргенін айтты, деп хабарлады Paryz.kz.

«Бізбен тұрады»: Сәкен Майғазиев болашақ келіні жайлы айтты
фото: әлеуметтік желіден

Әнші бұл туралы Ревю тілшісіне берген сұхбатта айтты. Тілші

"Болашақта келінмен бірге тұрамыз деген талап-тілектер бар ма әлде заманауи ешқандай талаптар айтпайсыз ба" деген сұраққа былай деп жауап берді. "Әрине, ең бастысы ата-енемен. ұл мен келіннің арасындағы үлкен бір түсіністік болуы керек сияқты. Енеге деген құрмет болуы керек. Кейде баламнан қалжыңдап сұраймыз ғой баламнан. "Бөлек шыққыларың келе ме?" деп. Жоқ, мен сіздермен бірге тұрамын. Былайша айтқанда біздің еркектен кіндіктен ат ұстарымыз Әділет болғандықтан бізбен бірге тұрады, Алла нәсіп етсе", - деді әнші.