Прямая трансляция

Астана

Астана

22°C

Дженнифер Лопестің Алматыдағы концертіне билет қанша тұрады

Концерт 2025 жылғы 10 тамызда Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Билет 28 мамырда сағат 10.00-ден бастап ticketon.kz сайтында сатыла бастайды.

Дженнифер Лопестің Алматыдағы концертіне билет қанша тұрады
фото: әлеуметтік желіден

Оның бағасы - 40 - 160 мың теңге. Сахнаның алдындағы орындар 180 мың теңгеден болады.

Ал Алматыдағы стадионда 10 тамыз күні өтуі керек болған футбол матчы 21 қыркүйекке ауыстырылған.

Айта кетері, әншінің Астанадағы концертіне билет алушылар жауапты компанияның сайтын істен шығарған еді.