Прямая трансляция

Астана

Астана

18°C

«Қуанышты жаңалығым бар»: Димаш Құдайберген қазақ елін тағы қуантты

Әнші Димаш Құдайберген халықаралық деңгейдегі жаңа музыкалық жобаның продюсері болатынын айтты, – деп хабарлайды paryz.kz.

«Қуанышты жаңалығым бар»: Димаш Құдайберген қазақ елін тағы қуантты
фото: әлеуметтік желіден

«Қуанышты жаңалығым бар. Кезінде әлемдегі жанкүйерлерімнің қалыптасуына үлкен әсер еткен I’m Singer жобасын көрсеткен Қытайдың Hunan TV арнасымен бірігіп, менің алғашқы продюсерлік жобам жарыққа шықпақ. Бұл – I’m Singer форматына ұқсас, бірақ басқа бағыттағы, әлемдік деңгейде өтетін жаңа халықаралық әншілер байқауы. Мен бұл жобада продюсер ретінде ғана емес, қазылар алқасының мүшесі ретінде де қатысамын. Алдағы жұмыстың нәтижесін бірге көре жатармыз», – деді Димаш Құдайберген.

Осы орайда әншінің фан-кездесуіне әлемнің 40-тан астам елінен келген жанкүйерлер қатысқаны атап өтілді. Бұл оған деген шынайы ықыластың айғағы іспетті, оған қоса Димаштың халықаралық аренадағы беделін тағы бір мәрте дәлелдей түсті.