Прямая трансляция

Астана

Астана

32.4°C

«Әйелдің әйелі еді»: Абай Бегей марқұм жұбайы туралы айтып жылап қалды (ВИДЕО)

Әнші Абай Бегей Тәуекел Мүслімге берген сұхбатында көзіне жас алды, — деп хабарлайды Paryz.kz ozgeris.info сайтына сілтеме жасап.

«Әйелдің әйелі еді»: Абай Бегей марқұм жұбайы туралы айтып жылап қалды (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

«Бірінші қызды болдым. Ал біздің ауылда қыз болса, жігіттер біртүрлі қарайтын. Бәрі ұлды қарайтын. Жаспыз, білмейміз. Жаман деген сезім болған жоқ, одан Құдай сақтасын. 2002 жылы ұлды болған кезде әбден қуандым. Анасы өте сондай жақсы кісі болды. Әйелдердің ішінде де бір өзі әйел болады. Көп сөйлемейтін, ерекше болды, жасынан сондай енді. Анам өзі білген шығар соны. Анам ауырған кезде сол кісінің жағдайын жасады», — деді әнші.

Айта кетейік, Абай Бегейдің бірінші әйелі 2015 жылы кенеттен дүние салған еді. Кейіннен актер өзінен бірнеше жас кіші Фариза есімді қызға екінші рет үйленді.