Прямая трансляция

Астана

Астана

19°C

«Немерелерім мені танымайды»: Баян Алагөзова сынға қалды

Танымал қазақстандық продюсер Баян Алагөзова қызы Айсәуле Бақытбектің балаларына қараудан бас тартты, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Немерелерім мені танымайды»: Баян Алагөзова сынға қалды
фото: әлеуметтік желіден

Айсәуле Бақытбек анасына пранк жасады. Ол отбасылық әңгіменің үзіндісін Instagram парақшасында жариялады. Онда Айсәуле «кешті достарыммен бірге өткізейін деп едім, үш баламды қарай тұрыңызшы» деп өтініш айтады. Алайда Баян Алагөзова бұл ұсынысқа үзілді-кесілді қарсылық білдірген.

"Ақыл-есің дұрыс па, қызым? Олар ұйықтамайды, айғайлайды. Бұл үйді білмейді ғой. Мені де танымайды. Жоқ, жоқ, жоқ", - деген Алагөзова ондай жауапкершілікті мойнына алмайтынын айтты.