NNN атымен танымал блогер Нұрдәулет Астанада өткен шеруден видео жариялды. Видео кадрларынан Жұмабек Жанықұлов пен Динара Сәтжанды көруге болады, — деп жазады Paryz.kz ozgeris.info сайтына сілтеме жасап.
Блогер келушілер қатарынан көрінген миллиардермен жеке амандасады. Осы тұста Динара Сәтжан Нұрдәулеттен сұхбат беруін сұрайды.
Желі қолданушылары аталмыш видеоға наразылық білдіріп, түрлі пікір қалдырды.
«Парадқа Ұлы Отан соғысының ардагерлері, олардың отбасылары келу керек. Мынау не, бүкіл блогер жиналып алды», «Ардагерлер сыртта қалып қойғанда мыналарға не жоқ», «Парадқа ардагерді кіргізбеген», «Ардагерді кіргізбеді, бірақ басты ардагер Сәтжан отыр», — деп жазды қалың көпшілік.