Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

«Бастысы үйін беріп қойдым»: Жігер Ауыпбаев бірінші некесі туралы айтты

Танымал әнші Жігер Ауыпбаев журналист Анна Данченкоға берген сұхбатында бірінші отбасы туралы айтты, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Бастысы үйін беріп қойдым»: Жігер Ауыпбаев бірінші некесі туралы айтты
фото: әлеуметтік желіден

Әнші балаларымен қарым-қатынасы жақсы екенін және баспанасын беріп кеткенін айтты. 

«Үйін беріп қойдым, бастысы. Үйсіз-күйсіз жүрген жоқ. Балаларыммен араласып тұрамыз. Менің пранк жасап жатқанымды хабардар. Үлкен балам өнерге жақын болғандықтан, әзіл ретінде түсінеді деп ойлаймын. Бет көріспей кеткен күніміз болған жоқ», – деді ол.

Еске сала кетейік, әнші бұған дейін отбасылы болғанын, бірақ келіншегімен мінездері жараспағандықтан, екі жаққа кеткенін мәлімдеген болатын.