Прямая трансляция

Астана

Астана

12°C

«Күтіп жүргендеріңізді білемін»: Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын жариялады

Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны жарыққа шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды paryz.kz.

«Күтіп жүргендеріңізді білемін»: Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын жариялады
фото: әлеуметтік желіден

Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Актриса, блогер Айым Сейтметова да бейнебаян түсірілімі кезіндегі суреттерін жариялады. Жаңа бейнебаянның атауы— «Тау ішінде».

Бейнебаянда елімізге танымал әртістер Данагүл Темірсұлтанова, Азат Сейтметов өнер көрсетеді. Басты рөлде өнерлі отбасында өскен актриса — Айым Сейтметова.

«Жаңа бейнебаян — «Тау ішінде». Премьера Алматыдағы фан-кездесуге дейін! Фан-кездесуді күтіп жүргендеріңізді білемін. 26 мамырда Almaty Arena-да осы әнді бәріміз бірге орындайық!», - деп жазды Димаш Құдайберген.