Прямая трансляция

Астана

Астана

10°C

«Айналайын, қайын сіңілім»: Қайын жұртын асыра мақтаған Аша Матайға жұрт тәнті болды

Әнші, тележүргізуші Аша Матай Шымкентте қайын сіңілін ұзатып, желіде оған деген жан сырын ақтарды, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Айналайын, қайын сіңілім»: Қайын жұртын асыра мақтаған Аша Матайға жұрт тәнті болды
фото: әлеуметтік желіден

Көпшілік әншінің бұған дейін қайын жұртымен бірге көрмегенін жарыса жазуда. Әнші жүрек жарды лебізін желідегі парақшасында білдірген.

«Айналайын қайын сіңлім, қуанышты күндерің құтты болсын! Бір-біріңе әрдайым тірек болып, сыйластықтарың мен махаббаттарың баянды болсын. Шаңырақтарың биік, бақтарың тұрақты, ұрпақтарың үлгілі болғай! Алла бақ-берекесін аямасын!», — деп жазды ол.

Желі қолданушылары қайын жұртын асыра мақтаған әншіге тәнті болған. Олар жылы тілектерін желіде жаудырып жатыр.