Әнші Наркенже Серікбаева Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның басшысы Ғалымжан Ерназаров арасындағы дауға нүктеге қойылды, деп хабарлады Paryz.kz turkystan.kz-ке сілтеп.
Олар бір-бірімен татуласып, ортақ келісімге келгенін мәлімдеді.
«Армысыздар, Қазақ елі! Кешелі бері маған жанашырлық танытып, қолдау білдіріп жатқандарыңызға, рахмет! Алла разы болсын! Бүгін мекемеге келіп, арнайы әкімшіліктен комиссия құрылып, Ғалымжан Ерназаров екеуміз бір-бірімізді түсіністік. Бір-бірімізден кешірім сұрадық», - деді Н.
Серікбаева Филармония басшысының сөзінше, аталған мәселе бойынша арнайы комиссия келіп, екі тараптың арыз-талабын қарастырыған.
«Кешеден бері резонанс тудырған мәселе үшін кешірім сұраймыз! Әрбір үйдің мәселесі өз ішінде қалуы тиіс еді. Енді елге тарап кеткеннен кейін облыстық мәдениет басқармасынан және әкімшіліктен комиссия келді. Олар екеуміздің талаптарымызды, өтініштеріміз қарады. Бір-бірімізге қоятын мәселе жоқ. Ешақандай дау-дамай және мәселені ушықтырып керек емес», - деді Ғ. Ерназаров.