Прямая трансляция

Астана

Астана

27.58°C

«Тым ыңғайлы әйел болған екенмін»: Жазира Байырбекова жан сырын ақтарды

Әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында отбасыдағы өз ұстанымы туралы ашық жазып, өткен өміріне көз жүгіртті, деп хабарлайды paryz.kz.

«Тым ыңғайлы әйел болған екенмін»: Жазира Байырбекова жан сырын ақтарды
Фото: әлеуметтік желіден

Әншінің айтуынша, ол отбасылық өмірінде жұбайынан материалдық дүние талап етпеген, бос уақытын достарымен емес, отбасымен және жұмысымен өткізген.

«Мен көп нәрсені дұрыс жасамаппын. Қазіргі жастардың іс-әрекеттеріне қарасам мен тым ыңғайлы әйел екенмін. Күйеуімнен ешқашан материалдық ештеңе сұрамаппын. Қыздармен қыдырып, күйеуімсіз достармен бас қосып көңіл көтермеппін. Жұмысыма, отбасыма арнадым уақытымның бәрін. Мынау әйелдің міндеті, мынау еркектің міндеті демей, ауырды да, жеңілді де бірге көтеріппін. Өзімді бірінші орынға қоймай күйеуімді бірінші орынға қойып, әр шешім қабылдарда күйеуімнің көзімен қарап, күйеуімнің қалауын ескеріппін», – деп жазды ол. 

Сондай-ақ Жазира Байырбекова отбасындағы маңызды шешімдерді қабылдауда көбіне жұбайының пікіріне сүйенгенін айтты.

«Маған қаталдық көрсетіп, ренжіткендерді де құрметтеп, сыйлап, кешіріп, түсінуге тырысыппын. Ойлана келе қазіргі жеткен жетістіктерімнің барлығы осы күнге дейін бәрін дұрыс жасамағанымның нәтижесі сияқты. Бәрін дұрыс жасаймын деп өмірлерін құртып алып жатқан жас отбасылар қаншама. Кейде кей нәрселерді дұрыс жасамаған да пайдалы. Аллаға шүкір», – деп түйіндеді әнші.