Прямая трансляция

Астана

Астана

26°C

Павлодар облысында дауылдан құлаған ағаш бұтағы әйелдің кеудесіне кіріп кеткен

Дауылдан құлаған ағаштың бұтағы көліктегі әйелдің кеудесіне кіріп кеткен, деп хабарлайды Paryz.kz.

Павлодар облысында дауылдан құлаған ағаш бұтағы әйелдің кеудесіне кіріп кеткен
Фото: Pixabay

Қайғылы оқиға Ақсу қаласында болды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 57 жастағы әйелдің оқиға орнында көз жұмғанын хабарлады.

 "Жедел жәрдем қызметіне шақыру 17:29-да түсті. Әйел адамның кеуде тұсына құлаған ағаш қадалуы себеп болған", - деп хабарлады басқармадағылар.

Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері 1968 жылы туған әйел адамның өмірмен үйлеспейтін жарақаттар алғанын растады. Еске салайық, бүгін Павлодар өңірінде дүлей дауыл көтерілді.