Elmedia арнасының Youtube-тегі “Eл дауысы” ұжымы Шерзат ісі бойынша сотталушы Абзал Шынасылдың анасы Ақбота Есбергеновадан сұхбат алды, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі
Шерзат ісіне қатысты сот үкіміне нүкте қойылғанымен бас бостандығынан айырылған жігіттердің ет жақындары жазаға келісетін түрі жоқ. Олар үкімнен соң әлеуметтік желілер арқылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейне үндеу жолдап жәбірленуші тараптың әрекеттерін толық әрі мұқият тексеруді сұраған.
Осы бейне үдеуден кейін “Eл дауысы” ұжымы Тұрар Рысқұлов ауыла барып, қос тараппен тілдескен.
Тілші Серікқазы Аязбав Абзал Шынасылдың анасы Ақбота Есбергеновадан үкімнен кейінгі мән жайды сұрады.
–Үкімге дейін және үкімнен кейінгі атмосфераны көрдіңіздер, жағдай енді қалай болып жатыр,- деп сұрақ қойды тілші.
Сотталушының анасы жағдайдың өте қиын екенін айтып, ұлына көп жыл бергенімен келіспейтінін айтты.
– Жағдайымыз шын мәнінде өте ауыр. Балама ұзақ жылға жаза берілді, бірақ мен бұл шешіммен келісе алмаймын. Ол өз әрекетін мойындап, сотта ашық айтты. Сол үшін тиісті жазасын алды. Енді үстіне 60 миллион теңге талап етіп отыр. Ондай ақшамыз жоқ. Үйім де жоқ, жұмысым да жоқ. Осы сот процесінің өзінде-ақ қатты қиналып қалдық, – дейді Ақбота Есбергенова.