Прямая трансляция

Астана

Астана

20°C

«Біреудің көлеңкесінде қалғым келмейді». Шерзат Болат ісінен тағы бір адвокат шығып кетті

Талдықорғанда өтіп жатқан Шерзат Болат ісінде жәбірленуші тараптың мүддесін қорғап жатқан адвокаттар өзара келіспей, біреуі істен шыққан, деп хабарлайды Paryz.kz Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.

«Біреудің көлеңкесінде қалғым келмейді». Шерзат Болат ісінен тағы бір адвокат шығып кетті

Мейірман Шекеев жетекшілік еткен қорғаушылар тобының мүшелері бірінен соң бірі істен шеттетіліп жатқаны туралы әлеуметтік желіде жариялады.

Мен 10 жылдан бері әр түрлі сот процестеріне қатысып жүрген тәжірибелі қорғаушымын. Соның ішінде осы Шерзаттың ісіне қатысуға ұсынысты үлкен жауапкершілікпен қабылдадым. Кейін бір кісілердің себептерімен үнсіз жағайда түсініксіз шеттетілдім. Сот – цирк емес. Бұл жерде адам тағдыры шешіледі. Аптасына екі рет сот отырысына қатысып, қалған күндері куәгерлерге, сотталушыларға сұрақ дайындау, талдаумен айналыстым. Жәбірленуші тараптың мүддесін қорғау үшін барымды салдым. Бірақ бұл іске жан-тәнімен беріліп істеу үшін емес, атақ-даңқ үшін келгендерге кедергі болған тәріздімін. «Сотта тек мен ғана сұхбат беремін, жұрт алдына тек мен шығамын. Кімде-кім маған қарсы шықса, істен шығарылады. Бұл – менің ісім. Сендер – жалдамалыларсыңдар» деген талаптар бір түрлі көрінді, - дейді адвокат Бағдат Амандосұлы.

Ол сот алаңы – бұл телеарналардағы ток-шоу емес екенін еске салды.

Менің жұмысымды иемденіп, кәсіби пікірім ескерусіз қалды. Кей әріптестерімнің қойған сұрақтары мен өтініштері үшін олар да істен шеттетілді. Бұл – кәсібилікке емес, эго мен монополияға негізделген тәсіл деп есептеймін. Мен бұған төзе алмаймын және көнбеймін. Себебі мен бұл іске біреудің имиджін көтеру үшін емес, ақиқатты табу үшін араластым, - дейді адвокат.

Оның айтуынша, бұған дейін Жандос Палманов пен Нұрболат Ибраев та істен шеттетілген.

Халық маған сенді. Істен шеттетілгенім үшін олардың көңілі қалды. Сол сенімді ақтау үшін барымды салдым. Бірақ мен біреудің көлеңкесінде қалғым келмейді. Себебі бұл істегі қан хайп құралы емес, - дейді Бағдат Амандосұлы.

Адвокат өзін нақты кім шеттеткенін айтқан жоқ. Бірақ желі қолданушылары Мейірман Шекеевпен байланыстырып отыр.