Прямая трансляция

Астана

Астана

16.54°C

Әлішер Кәрімов «Қазақстанның халық әртісі» атағын алды

Белгілі әнші Әлішер Кәрімовке Президент Жарлығымен «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағы берілді, деп хабарлады Paryz.kz.

Әлішер Кәрімов «Қазақстанның халық әртісі» атағын алды
фото: әлеуметтік желіден

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті. Сонымен қатар «Алматы әуендері» КМҚК эстрадалық-симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі Александр Беляков және әнші, «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ қауымдастырылған профессоры Айгүл Қосанова да «Қазақстанның халық әртісі» атағын алды.

 Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада бірақатар мәдениет және өнер қызметкерін марапаттаған болатын.