Прямая трансляция

Астана

Астана

18.12°C

«10 жасар қыздың өліміне кінәлі»: Ілияс Сариевтің тағы бір былығы әшкере болды (ВИДЕО)

Журналист Руслан Өтепбай тағы бір былықтың бетін ашты, деп хабарлайды Paryz.kz.

«10 жасар қыздың өліміне кінәлі»: Ілияс Сариевтің тағы бір былығы әшкере болды (ВИДЕО)
Коллаж: Sn.kz

Ол Ілияс Сариевке қатысты тың деректі айтты. Журналистің айтуынша, ерікті 10 жастағы қыздың емінің ақшасын түгел бермеген.

“2024 жылдың ораза айында Ілияс Сариев ауыр дертке шалдыққан Інжудің еміне Ақтотының есепшотына сбор жинайды. Одан бөлек блогер өзінің көлігін сатып, Інжуді емдетемін деп, ата-анасына уәде берген. Аз уақытьың ішінде Інжудің еміне халықтан 27 миллион теңге жиналады. Ең сорақасы Сариев науқас қыздың ата-анасына тек 9 миллион береді. Сол ақшаға ата-ана қызын Индия еліне емге апарады. Алайда ол жақтан ем қонбай 10 жастағы Інжу, өкінішке қарай екі аптадан кейін туған жері Оралда қайтыс болады. Ал 27 миллионның қалған 18 миллионына Ілияс қайғыдан қан жұтқан отбысыға Оралдан баспана әперемін деп уәде еткен. Ақыр соңында, қызын жерлеп зар жылаған ата-анаға «үй алып беремін» деген Сариевтің уәдесі орындалмаған”, - деді журналист.

Ілияс Сариевтің бұл әрекеті желі қолданушыларының ызасын тудырды.

"Мынау адам атына ие ма кім өзі", "Сбор жинайтындардың бәрін тексеру керек", "Аузынан Алла түспейтін адам қалай жасап кетті", "Мынау таза әртіс екен ғой", "Күнде бір былығы ашылып жатыр ғой", - деп жазды.