Павлодарда Жеңіс саябағында орынсыз билеп, видеоға түскен жасөспірім қыздарды полиция ата-аналарымен бірге бөлімшеге жеткізді, деп хабарлайды Paryz.kz Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.
Жасөспірім қыздардың видеосы kerek Telegram-арнасында жарияланған. Жағдайға байланысты Павлодар облысы полиция департаменті пікір білдірді.
"Оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталып, ата-аналарымен бірге полицияға жеткізілді. Заңсыз әрекеттері үшін кәмелетке толмағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады ведомство.
Сонымен қатар, балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.