Прямая трансляция

Астана

Астана

26°C

Танымал журналист Диас Ахметшәріптің қазіргі жағдайы белгілі болды

Танымал қазақстандық журналист Диас Ахметшәріп инсульт алып, комаға түсті. Қазір жағдайы өте ауыр, деп хабарлайды Paryz.kz.

Танымал журналист Диас Ахметшәріптің қазіргі жағдайы белгілі болды
фото: әлеуметтік желіден

Диас Ахметшәріп Ақтауда іссапармен жүрген.

«Журналист Диас Ахметшәріп инсульттің салдарынан комаға түсті. Науқастың миына қан құйылған, жағдайы өте ауыр, қазір реанимация бөлімінде жатыр», - деп мәлімдеді Маңғыстау облыстық аурухананың баспасөз қызметі.

Қалған ақпарат науқастың туыстарының рұқсатынсыз берілмейді деп атап өтті олар.