Прямая трансляция

Астана

Астана

16°C

Жанар Айжанова марқұм күйеуі Адайбекпен танысқан сәтін көрсетті

Қазақстанның танымал әншісі, актриса және тележүргізуші Жанар Айжанова сахнада 40 жыл толуына орай ауқымды концерт өткізбек, деп хабарлайды paryz.kz.

Жанар Айжанова марқұм күйеуі Адайбекпен танысқан сәтін көрсетті
фото: видеодан скриншот

Ән кешінің атауы «Қазақ қызы» деп аталады. Мерекелік кеште тек ән айтып қана қоймай, өнер иесінің бастан кешкен оқиғалары да баяндалады.

Отбасылық өмірі, шығармашылық жолы көрсетіледі. Соның ішінде бұрынғы күйеуі Адайбекпен қалай танысқаны жөнінде де көрсетілмек.

Айта кетейік, ерекше дауысы мен өзіндік орындау мәнері көптен бері тыңдарманның жүрегін жаулап алған. 30 жыл ішінде сахнада 200-ден астам ән орындалды, оның ішінде «Мен қазақ қыздарына қайран қалам», «Достарым», «Қобызым», «Жігіттерге Әсиет» және тағы басқалары халықтық хитке айналған.