Бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың төрағасы Айбек Дәдебай өзінің үш орынбасарының кандидатурасын ұсынды, - деп хабарлайды paryz.kz.
Қорытындысында Құрылтай төрағасының орынбасарлары болып Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясының төрағасы Дания Еспаева, "Әділет" партиясының депутаттары Динара Зәкиева және Нұрлан Бекназаров сайланды.
Ашық дауыс беру барысында Құрылтай депутаттары ұсынылған кандидатураларды қолдады.