Бүгін, 28 тамызда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 69-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Құрылтайының алдында Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты қаулы етемін: Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі өз міндеттерін атқаратын болсын. осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген жарлық мәтінінде.
Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.