Прямая трансляция

Астана

Астана

16.47°C

Астанада 18 қабатты тұрғын үйден өрт шықты

Астанада 18 қабатты тұрғын үйден өрт шығуына байланысты тұрғындар эвакуацияланды – өрт ғимараттың алтыншы қабатында тұтанған. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап paryz.kz хабарлайды.

Астанада 18 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Freepek

Елордалық ТЖМ құтқарушылары Астана қаласының Нұра ауданындағы Е-36 көшесінде орналасқан он сегіз қабатты тұрғын үйде шыққан өртті сөндірді.

Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келген кезде тұрғын үйдің 6-қабатынан қою түтін байқалды. Өрт сөндіру оқпандары дереу іске қосылып, өртті толық сөндіру бойынша барлық қажетті шара қабылданды.

Су үздіксіз беріліп, тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүргізілген. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. ТЖМ күштері өртті толық сөндірді. Нақтыланған мәлімет бойынша алтыншы қабаттағы пәтердің балконы мен ас үйінде өрт шыққан.