«Тура жол» жобасы аясында Жастар бастамаларын дамыту орталығы Павлодар аудандық прокуратурасымен, Павлодар облысы Полиция департаментімен және «Заң және Тәртіп» идеологемасының амбассадорымен бірлесіп «Құқықтық тәртіп – шекарасыз: аудандардағы көшпелі жұмыс» атты құқықтық керуен ұйымдастырды, деп хабарлайды paryz.kz.
Кездесуге «Нефтехим LTD» ЖШС қызметкері әрі «Заң және Тәртіп» идеологемасының амбассадоры Жәмилә Бұламбаева, Павлодар аудандық прокуратурасының прокуроры Айтуар Манфағатов және полиция майоры Руслан Ахметов қатысты.
Іс-шара барысында қатысушылар құқықтық мәселелер бойынша пікір алмасып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңға құрмет пен азаматтық жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Айта кетейік, көшпелі құқықтық кездесулер өңірдің барлық қала мен аудандарын қамтиды.