Прямая трансляция

Астана

Астана

28.34°C

ДНҚ сараптамасы екі облыста отыз жыл бұрынғы кісі өлтіру дерегін ашты

Ішкі істер министрлігі жыл басынан бері жүргізілген ауыр және аса ауыр қылмыстарға жасалған талдаудың қорытындысын шығарды, деп хабарлайды paryz.kz.

ДНҚ сараптамасы екі облыста отыз жыл бұрынғы кісі өлтіру дерегін ашты
Фото: ІІМ

Анықталған қылмыстың басым бөлігі 1990 жылдары және 2000 жылдардың басында тіркелген. Бұл қылмыстар заманауи технологияның көмегімен ашылып жатыр. Министрлік базасындағы молекулалық-генетикалық зертхана жұмыс істеп тұр.

"Жүргізіліп жатқан кешенді шаралардың нәтижесінде биыл бұрын жасалған ондаған ауыр және аса ауыр қылмыс ашылды. Жинақталған айғақтар негізінде күдіктілер өз кінәларын мойындап жатыр. Мысалы, Павлодар мен Қарағанды облыстарында өткен жылдардағы қылмыс санатынан адам өлтіру деректері ашылды", - дейді ІІМ департамент бастығы Сергей Стихеев.

Айтуларынша, ДНҚ-сараптамасы негізгі рөл атқарды. Қазір қылмыскерлер сот шешімін күтіп отыр. Заңды өрескел бұзған әрбір адам ерте ме, кеш пе анықталып, жауапқа тартылады, дейді полиция.