"Қазгидромет" РМК маусымда қай өңірлерде құрғақшылық күтілетінін мәлім етті, деп хабарлайды paryz.kz.
2026 жылғы маусым айына арналған алдын ала болжамға сәйкес атмосфералық құрғақшылық мына өңірлерде күтіледі:
Қостанай облысында – Амангелді, Қарасу, Әулиекөл және Жангелдин аудандарында;
Батыс Қазақстан облысында – Жаңақала ауданында;
Қарағанды облысында – Шет ауданында;
Ақмола облысында – Ерейментау және Аршалы аудандарында;
Ақтөбе облысында – Шалқар және Ырғыз аудандарында;
Атырау облысында – Құрманғазы және Махамбет аудандарында;
Қарағанды облысында – Ақтоғай, Нұра және Шет аудандарында; Ұлытау облысында – Ұлытау және Жаңаарқа аудандарының жекелеген елді мекендерінде;
Алматы облысында – Жамбыл ауданында; Жетісу облысында – Алакөл ауданында;
Жамбыл облысында – Талас ауданында; Қызылорда облысында – Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандарында және Қызылорда қаласында.
"Аталған аудандарда жергілікті құрғақшылықтың туындау ықтималдығы жоғары", - делінген хабарламада. Қазақстанның қалған аумақтарында ылғалдану жағдайы осы ай үшін қалыпты деңгейге жақын болады деп күтіліп отыр