Прямая трансляция

Астана

Астана

26°C

Министр ҰБТ-дан 140 ұпай жинаған оқушының есімін жариялады

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ҰБТ-дан 140 ұпай жинаған оқушының есімін жариялады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Министр ҰБТ-дан 140 ұпай жинаған оқушының есімін жариялады
Фото: gov.kz

Үкіметтегі брифингте министр бүгін ғана ҰБТ тапсырған оқушының жетістігімен бөлісті.

"Осы сағат 12:40-та ғана Павлодарда Әсет Альтаир тестілеуді тапсырды. Ол - қаладағы 7-ші мектептің түлегі. Ресми түрде бірінші болып 140 ұпай жинады. Сүйінші деп айтуға болады", - деді Саясат Нұрбек.

Айта кетері, бұған дейін ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ-ның аралық нәтижесін жариялаған. Сол кезде ең жоғары көрсеткіш 138 ұпай болған.