Прямая трансляция

Астана

Астана

26°C

Қазақстанда 3 мыңнан астам жасөспірім полиция есебінде тұр

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Үкімет отырысында елімізде 3 мыңнан астам жасөспірім полицияның есебінде тұрғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Қазақстанда 3 мыңнан астам жасөспірім полиция есебінде тұр
Фото: gov.kz

Министрдің айтуынша, тәртібі қиын жасөспірімдер анықталып, бақылауға алынған.

Қазір 3 мыңнан астам бала полиция есебінде тұр. Олармен тиісті жұмыстар жүргізіліп, спортқа және қоғамдық пайдалы істерге тартылып жатыр. Алайда жергілікті атқарушы органдар тарапынан мұндай балалардың тек 60 пайызы ғана қамтылған, – деді Ержан Сәденов.

Сонымен қатар министр мектептердегі қауіпсіздік шаралары күшейтілгенін айтты. Оның мәліметінше, биыл 1517 білім беру нысаны тексеріліп, 345 нысанда түрлі кемшіліктер анықталған.

Аталған заңбұзушылықтарға байланысты 112 мекеме басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Министр жазғы демалыс кезінде «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілетінін де хабарлады. Негізгі басымдық – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, есепте тұрған және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылармен жұмыс жүргізу, балалардың түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз жүруіне жол бермеу, сондай-ақ оларға алкоголь мен темекі өнімдерін сатудың алдын алу, – деді министр.

Ержан Сәденов қазіргі кезде балалардың терезеден құлауы, суға батуы және жол-көлік оқиғаларына түсуі сияқты қайғылы жағдайлар көбейгенін айтты. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі тарапынан профилактикалық және түсіндіру жұмыстары күшейтілген.