Прямая трансляция

Астана

Астана

26°C

"Алтын белгіге" үміткерлердің саны артып келеді

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова "Алтын белгіге" үміткерлердің санын жариялады, деп хабарлайды Paryz.kz.

"Алтын белгіге" үміткерлердің саны артып келеді
Фото: sputnik.kz

Биыл республика бойынша барлығы 3 млн 900 мың оқушы каникулға шығады. Олардың ішінде 343 мың оқушы 9-сыныпты, ал 215 мың оқушы 11-сыныпты аяқтайды.

“Алтын белгіге” үміткерлер саны – 13 175 (6%), “Үздік аттестатқа” үміткерлер саны 11 сыныпта - 18 555, ал 9 сыныпта 31 181 оқушыны құрайды”,-деді Сүлейменова үкіметтің бүгінгі отырысында.

2024 жылы "Алтын белгіге" 7 704 оқушы үміткер болған. Бірақ ол кезде 11-сыныпты барлығы 186 мың бала аяқтаған. Ал 2025 жылы 217 мың түлек тіркелген. “Алтын белгіге” үміткерлердің саны шамамен 10 850 адам болған.