Қазақстан президентінің бұрынғы көмекшісі және бұрынғы баспасөз хатшысы Руслан Желдібай бүгін мемлекет басшысының штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Ақорданың баспасөз қызметі Қазақстан президентінің бұрынғы көмекшісі және бұрынғы баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Қасым-Жомарт Тоқаевтың штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалғанын хабарлаған.
Айта кету керек, Желдібай алғаш рет президенттің баспасөз хатшысы қызметіне 2022 жылдың сәуірінде кіріскен. Ол сондай-ақ президент әкімшілігі басшысының орынбасары қызметін де атқарды.