Прямая трансляция

Астана

Астана

16°C

Қазақстанда қанша адам банкрот деп танылды

Қазақстанда 64 мыңнан астам азамат банкрот деп танылды, деп хабарлайды Paryz.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанда қанша адам банкрот деп танылды
Фото: sputnik.kz

Сенатта Қаржы және бюджет комитетінің мүшелері азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық саласындағы заңнаманы іске асыру мәселелерін талқылады.

"Кездесу барысында 64 мыңнан астам азаматтың банкрот деп танылғаны айтылып, соттан тыс банкроттық рәсімдерін жетілдіру және халықтың борыштық жүктемесін азайту мәселелері көтерілді", - деп жазылған хабарламада.

Комитет төрағасы Сұлтанбек Мәкежанов банкроттық тетіктері азаматтарды қолдаудың маңызды құралына айналғанын атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде заңнаманы жетілдіріп, рәсімдердің қолжетімділігін арттыру маңызды.