Прямая трансляция

Астана

Астана

17°C

БҚО-да әйел ер адамды қорқытып, ақша талап еткен

БҚО-да Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ер адамнан ақша бопсалады деген күдікпен облыс орталығының 31 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Paryz.kz.

БҚО-да әйел ер адамды қорқытып, ақша талап еткен
Фото: видиодан скриншот

Алдын ала мәлімет бойынша, әйел адам жеке фотосуреттерді таратамын деп қорқытып, ақпаратты жарияламау үшін 500 мың теңге талап еткен.

«Полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ақша мен заңға қайшы әрекеттердің дәлелі бар телефон тәркіленді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – делінген облыстық ПД хабарламасында.