Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды.
Өкім мәтінінде отырыстың өтетін уақыты мен орны нақтыланған. Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2026 жылғы 15 мамырда сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын, – делінген құжатта.
Айта кетейік, бірлескен отырыс барысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына және заңнамалық базаны жетілдіруге қатысты маңызды мәселелер қаралады деп күтіліп отыр.