Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

Алматы облысында 11 сынып оқушысы мұғалімді соққыға жықты

Әлеуметтік желіде мектеп қабырғасында оқушының мұғалімді ұрып-соққан бейнежазбасы тарады.

Алматы облысында 11 сынып оқушысы мұғалімді соққыға жықты
Фото: видиодан скриншот

Алматы облысының әкімдігі бұл дерекке қатысты түсініктеме берді. Ресми жауапқа сәйкес, бейнежазбадағы оқиға 2026 жылғы 16 қаңтарда Шамалған ауылының Жаңа қазақ орта мектебінде болған.

Сағат 09:00 шамасында мұғалім мен 11-сынып оқушысының арасында жанжал туындаған. Оқытушы жасөспірімге ескерту жасап, сабаққа баруын талап еткен. Алайда оқушы ескертулерді агрессивті түрде қабылдап, педагогке қол жұмсаған. 

- Аталған дерек бойынша құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы қолданыстағы заңнама аясында анықталады, тергеу қорытындысы бойынша тиісті құқықтық баға беріледі. Мектеп әкімшілігі, білім бөлімі, сондай-ақ құзырлы органдар тарапынан қажетті профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады әкімдіктен.