Прямая трансляция

Астана

Астана

3°C

Қарағанды ​​облысында жол апатынан екі мотоциклші көз жұмды

Қарағанды ​​облысының Шет ауданында екі мотоциклдің қатысуымен жол апаты болды.

Қарағанды ​​облысында жол апатынан екі мотоциклші көз жұмды
Фото: видиодан скриншот

Облыстық полицияның мәліметінше, оқиға салдарынан 17 және 37 жастағы екі жүргізуші де көз жұмды.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, 16 сәуірде шамамен сағат 21:00-де Шет ауданының Ағадыр ауылында бір бағытта барв жатқан екі мотоциклдің қатысуымен жол апаты тіркелді. Апат салдарынан мотоцикл жүргізушілері оқиға орнында қайтыс болды, ал тағы бір адам әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада.

Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Қарағанды ​​облыстық полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жылдамдық шегінен асырмауға шақырады.

Автокөлікті басқару кезінде қорғаныс құралдарын - арнайы бас киім мен құралдарды міндетті түрде пайдалану қажеттілігіне ерекше назар аударылады.