Прямая трансляция

Астана

Астана

6°C

Астана әуежайына енді кемі екі сағат бұрын келу керек

Астана әуежайында жөндеу басталды. Соған байланысты жолаушыларға қойылатын талап күшейіп отыр, деп хабарлайды paryz.kz.

Астана әуежайына енді кемі екі сағат бұрын келу керек
Фото: Астана әуежайы

Енді әуежайға тек уақытында келу аздық етеді. Одан бөлек, тексеріс кезінде кідіріс болмас үшін қол жүгін алдын ала қарап шыққан жөн.

«Яғни, үйден шығарда сөмкеңізде тыйым салынған зат жоқ па, соны тексеріп алған дұрыс. Себебі дәл осындай ұсақ нәрселер тексеріс кезінде ұзын-сонар кезекке әкеліп, басқа жолаушылардың да кешігуіне себеп болады», - дейді әуежай өкілдері.

Жөндеу жүріп жатқандықтан, әуежайдағы қозғалыс баяулауы мүмкін. Сол үшін ішкі рейстерге кемінде 2 сағат, ал шетелге ұшатындар 3 сағат бұрын келгені дұрыс.

Әуежай әкімшілігі қолайсыздыққа түсіністік танытуды сұрайды. Айтуларынша, бұл жұмыстар қауіпсіздік пен қызмет сапасын жақсарту үшін жасалып жатыр.