Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін, 14 сәуірде Алматы және Павлодар қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) болжанып отыр. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді, деп хабарлайды paryz.kz.

Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: Baq.kz.

Синоптиктердің түсіндіруінше, мұндай жағдайлар ауада зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді факторлардың жиынтығынан туындайды.

Олардың қатарында желсіздік, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия бар. ҚМЖ кезінде атмосфералық ауа сапасы нашарлап, бұл тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.

Әсіресе тыныс алу, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдар үшін қауіп жоғары.