Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

Мектеп бітіру кештеріне қатысты талаптар жарияланды

Оқу-ағарту министрлігі мектеп бітіру кештеріне қатысты талаптарды жариялады, деп хабарлайды Paryz.kz министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мектеп бітіру кештеріне қатысты талаптар жарияланды
Фото: sputnik.kz

Министрлік жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп орта білім беру ұйымдарында бітіру кештерін өткізуге байланысты талаптарды нақтылады. Осы мақсатта бірлескен бұйрық та қабылданатын болады.

"Аттестаттарды табыстау рәсімі тек білім беру ұйымдарының ғимараттарында ұйымдастырылады. Білім алушылардан, олардың ата-аналарынан немесе заңды өкілдерінен қаражат және өзге де материалдық құндылықтарды жинауға қатаң тыйым салынады", - дейді министрлік мамандары.

Ал мектеп бітіру кештерін білім беру ұйымдарынан тыс жерлерде ұйымдастыруға жол берілмейді. Осыған байланысты әкімдіктер түсіндіру жұмыстарын күшейтуге тиіс. Ал ішкі істер органдары құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар атқарады.