Мемлекет басшысы ғалымдарды мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды Paryz.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Сондай-ақ, Президент бір топ жас ғалымға пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстады.
Пәтер алғандар тізімі:
1. Мүтәлі Әлішер Қасымбекұлы - Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі Ядролық физика институты Астана филиалының Қатты дене физикасы зертханасының аға ғылыми қызметкері.
2. Тленчиева Шырын Муратовна - Әлеуметтану орталығының басшысы, Философия, саясаттану және дінтану институтының аға ғылыми қызметкері.
3. Муслимова Индира Базарбаевна - Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі Ядролық физика институты Астана филиалының Тректік мембраналар технологиялық зертханасының аға ғылыми қызметкері.
4. Умирзаков Арман Ганидинович - Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті Физика-техникалық институтының Электрохимия және ванадийлі ағынды батареялар зертханасы меңгерушісінің міндетін атқарушы, ғылыми қызметкер.
5. Елназарқызы Рахия - С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің қауымдастырылған профессорының міндетін атқарушы.
6. Базылханова Эльмира Чаймаксутовна - С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің қауымдастырылған профессорының міндетін атқарушы.
7. Ногай Артур Адольфович - С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің аға оқытушысы.
8. Толеубаев Медет Толеубайулы - Астана медицина университетінің профессор Г.В. Цой атындағы хирургия ғылыми-білім беру орталығы директорының орынбасары.
9. Бейсембаева Акмарал Рашидкызы - Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Астана қаласындағы филиалының аға ғылыми қызметкері.
10. Кумаргазина Мадина Бакытжановна - Ғұмарбек Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің Жылу энергетикасы және физика кафедрасының аға оқытушысы.