Бүгін Мемлекет басшысы ғылымға еңбегі сінген ғалымдарды марапаттау барысында жаңа орден енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Қазақ даласы көптеген кемеңгер тұлғалардың мекені болғанын білесіздер. Соның ішінде әлемге әйгілі ойшыл әл-Фарабидің орны ерекше. Оның мұрасы – бүкіл адамзаттың асыл қазынасы, өркениет ойының шыңы. Бүгінгі салтанатты жиында тағы бір жақсы жаңалықты жариялағым келеді, - деді Президент.
Сондай-ақ ол жоғары мемлекеттік марапаттар тізіміне арнайы «Әл-Фараби» орденін енгізу қажет екендігін айтты.
Мен жоғары мемлекеттік марапаттар тізіміне арнайы «Әл-Фараби» орденін енгізу қажет деп санаймын. Бұл марапат білім мен ғылым, мәдениет пен руханият саласында зор табысқа жеткен азаматтарға беріледі,- деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Тоқаевтың сөзінше, «Мейірім», «Қожа Ахмет Ясауи», «Әл-Фараби» ордендері биыл алғаш рет Республика күні қарсаңында тапсырылатын болады.