Абай облысында атпен жүрген полицей айдалада жүрген 3 жастағы баланы тапты, деп хабарлайды Paryz.kz.
8 сәуір күні Ақсуат ауданында 3 жастағы бала байқатпай үйдің ауласынан шығып кетіп, жоғалып кеткен. Таңертең ерте туыстары іздеуді бастап, шамамен сағат 11:00-де полицияға хабарласқан.
«Осы сәттен бастап барлық күштер дереу жұмылдырылды. Сағат 14:00 шамасында бала елді мекеннен шамамен 3 шақырым жерден табылды. Ол аман-есен, өмірі мен денсаулығына қауіп төнбеген, бала тек адасып кеткен. Бұл оқиға - уақыттың әр минуты маңызды екенін және үйлесімді әрекеттің маңызын еске салады», - деп хабарлады Абай облысының ПД баспасөз қызметі.