Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Үкіметтегі брифингте көмір бағасының өсу ықтималдығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды paryz.kz.
Осы қыста ешқандай қымбаттау күтілмейді. Себебі көмірді тұтыну бағасы биыл емес, біртіндеп өседі, – дейді ол.
Сонымен қатар вице-министр болашақта бағаның өсуін жоққа шығаруға болмайтынын айтады. Бүгін көмір өндіруші кәсіпорындар тарапынан өндірісті жаңғырту және көлемін ұлғайту бойынша ауқымды ақпарат ұсынылды.
Шығындар, инвестициялар болады, бұл көмір бағасының инфляциялық өсуіне алып келеді деп ойлаймын. Бірақ ол реттелетін әрі біртіндеп болады, – дейді Сұңғат Есімханов.