Атырау облысында полицейлерді соққыға жықты деген күдікпен бір топ адам ұсталды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Мақат ауданында мас адамдар қызметтік міндетін атқарып жүрген полиция қызметкерлеріне агрессивті түрде қарсылық көрсетіп, күш қолданған.
"Оқиғаға қатысы бар адамдардың барлығы ұсталып, қамауға алынды", - деп жазылған облыстық полицияның хабарламасында.
Билік өкілдеріне қатысты күш қолдану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар, кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.