Қарағанды облысында бір топ адамның қылмыстық әрекеті әшкере болды, - деп хабарлайды Paryz.kz.
Қылмыстық топ мүшелерінің бірі спортты қолдау және дамыту деген сылтаумен жастарды ауыр және аса ауыр қылмыстар жасауға тартқаны анықталды.
Қазіргі уақытта 20 адам ұсталып, 47 санкцияланған тінту жүргізілді. Нәтижесінде қарулар, оқ-дәрілер, автокөліктер, ірі көлемде ақша, шетел валютасы және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Күдіктілерге қатысты ұрлық, бопсалау, алаяқтық және тонау фактілері бойынша 6 қылмыстық іс қозғалды.