Ақтөбе облысында мұғалім өлі табылды. Өңірдің Полиция департаменті өкілі оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Paryz.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Темір аудандық полиция бөлімі 2002 жылы туған азаматтың өліміне қатысты соталды тергеп-тексеруді бастаған.
"Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталады. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді", - деп жазылған Ақтөбе облысы ПД жауабында.
БАҚ мәліметінше, марқұм тарих пәнінің мұғалімі болған, оның денесі өзі тұрып жатқан үйден табылған.