Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

"Қазгидромет" РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды paryz.kz.

Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: Baq.kz.

2026 жылғы 15 қаңтарда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Петропавл, Павлодар, Өскемен, Семей, Риддер, Алматы қалаларында күтіледі, – деп жазылған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.