Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы күрт нашарлайды

«Қазгидромет» синоптиктері Қазақстанның жеті ірі қаласында ауаның ластануына байланысты шұғыл ескерту жасады. 10 қаңтар күні атмосферада зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар орнайды, деп хабарлайды paryz.kz.

Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы күрт нашарлайды
Фото: istockphoto

Синоптиктердің болжамы бойынша, ауа райының бірнеше факторы бір мезетте сәйкес келіп, зиянды қоспалардың атмосфераның жер беті қабатында жиналуына әкеп соғады.

Тізімде келесі қалалар бар: • Астана • Алматы • Павлодар • Қарағанды • Жезқазған • Теміртау • Балқаш