Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда қанша адам тұрады

Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының саны туралы жаңа деректерді жариялады. Соңғы мәлімет бойынша елде 20,4 млн адам тұрады, деп хабарлайды paryz.kz.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда қанша адам тұрады
Фото: istockphoto

Ұлттық статистика бюросы өкілдерінің деректеріне сүйенсек, 2024 жылдың 1 желтоқсанында елде 20,4 млн адам тұрып жатқан. Ал жыл басында Қазақстанда халық саны 20,2 млн адам болған. Демек ел халқының саны былтыр шашамен 200 мың адамға көбейген.

Қалаларда желтоқсанда 12,9 млн адам (100 мың адамға көбірек) саналған. Ал ауылда 7,4 млн-нан астам адам тұрады. Бұған сәйкес, ауылда тұратындар саны 116 мың адамға азайғаны белгілі болып отыр. 

Халық саны бойынша Алматы қаласы алдыда – онда 2,3 млн адам тұрады. Одан кейін Түркістан облысы (2,1 млн), Астана (1,6 млн), Алматы облысы (1,5 млн), Жамбыл облысы (1,2 млн), Шымкент (1,2 млн), сондай-ақ Қарағанды облысы (1,1 млн-нан астам).