Прямая трансляция

Астана

Астана

5°C

Атырау облысында зираттан аңшы мылтығы мен оқ-дәрі табылды

Атырауда құқық қорғаушылар жедел-іздестіру іс-шаралары барысында зират басынан қару-жарақ жасырылған орынды тапты, деп хабарлайды Paryz.kz.

Атырау облысында зираттан аңшы мылтығы мен оқ-дәрі табылды
Фото: Атырау обл. ҚАЖД басқармасы

Аталған бағыттағы жұмыстар қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, заңсыз қару айналымының алдын алуға және құқық бұзушылықтарға жол бермеуге бағытталған.

Бірлескен іс-қимыл нәтижесінде құқық қорғау органдарының өзара үйлесімді жұмысы мен кәсіби деңгейінің жоғары екені байқалады.

«Қазіргі таңда аталған дерек бойынша тиісті тексеру амалдары жүргізілуде. Заңсыз қару сақтау және оны айналымға енгізу фактілерінің алдын алу мақсатында профилактикалық шаралар тұрақты түрде жалғасады», – деп нақтылады департамент өкілдері.