5 қаңтарда отандық басылымдардың бірінде мемлекет басшысының кең көлемді сұхбаты жарияланады. Бұл туралы президенттің көмекшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді, деп хабарлайды paryz.kz.
"5 қаңтар күні Turkistan газетінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың аталған басылымның бас редакторы, белгілі ақын, публицист Бауыржан Бабажанұлына берген кең көлемді сұхбаты жарияланады", - деп жазды Руслан Желдібай Telegram-дағы арнасында.
Естеріңізге сала кетейік, былтыр президент республикалық "Ана тілі" газетіне сұхбат берген еді.